ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, СТЕПНОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ЖӘНЕТҰЛЫ БАУЫРЖАННЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

 

Мен, Жәнетұлы Бауыржан, 1993 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым – қазақ.

Білімім – жоғары.

2014 жылы  Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау»,  2020 жылы  Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық Университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 07.08.2014 жылы Ресей Федерациясында Тюмень пром геофизика өндірістік геофизикалық бірлестігінде геофизик болып бастадым.

18.10.2018 — 22.02.2019 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші кассирінің міндетін атқарушы;

22.02.2019 — 17.09.2021 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепші кассирі,

20.09.2021 – 15.07.2022 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары;

15.07.2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келемін.

Сайлауалды бағдарлама

Егер мен Степное ауылдық округі әкімі лауазымына сайланған жағдайда, ауылдың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласа отырып, ауыл тұрғындарының мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, ауылға лайықты қоғамдық тәртіптің орнығуына үлес қосу мақсатында шаралардың іске асырылуына атсалысатын боламын:

—      Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын ауыл тұрғындары арасында насихаттай отырып, ондағы көрсетілген мәселелерді ауылда жүзеге асыруға үлес қосамын;

—      Ауылдық округтегі кәсіпкерлікті дамыта отырып, жергілікті салықтардан түсетін кіріс көздерін ауылдағы қауымдастық кеңес және ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ақылдаса отырып қажетті шаруаға жұмсау, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін күш жігерімді саламын;

—      Ауыл тұрғындарына көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысамын;

—      Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен қаржылай қолдауға шаруа қожалықтарының қолжетімдігін қамтамасыз етемін;

—      Ауылда қоғамдық тәртіптің сақталуына, ауыл жастарының тәрбиесі бойынша жүйелі жұмыстар жүргіземін;

—      Ауылдағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, мүгедектерге және көп балалы аналарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге ықпал етемін;

—      Алдағы уақытта әлеуметтік сала, экономика, инфроқұрылымның дамуына, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, атқарылып жатқан өзге де саяси бағыттардың жүзеге асуына үлес қосамын.

—      Ауылдағы  жайылым жерлер мәселесін қарастыруға ықпал етемін.

Қорыта айтқанда менің алға қойған басты міндеттерім ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыта отырып, келешекте одан ары көркейіп гүлденуіне барынша өз үлесімді қосамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.