Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының № 2 Х А Т Т А М А С Ы

0

Степной ауылы                                                                       04.07.2023 жыл

 

Жиналыс төрағасы: К.Джолдасбаев

Жиналыс хатшысы: И.Шуйшибекова

 

Жиналысқа қатысқандар:

1)      Жергілікті қоғамдастық мүшелері — 34  адам;

2)      Степной ауылдық округінің тұрғындары — 799  адам.

 

Күн тәртібінде:

Степной ауылдық округінің атауын Ақдала ауылдық округі деп қайта атау туралы

 

Тыңдалды: К.Джолдасбаев — ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиналысқа Степной ауылдық округіне қарасты Степной, Арал, Қалғұты ауылдарының тұрғындары  және 34 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.

Степной ауылдық округінің атауын қайта атау туралы ұсыныстар түсіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Идеологиялық  тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Осыған орай, округ тұрғындары өздеріңіз тұрып жатқан Степной ауылдық округ атауын Ақдала ауылдық округі деп қайта атау туралы өз ойларыңызды ортаға салуларыңыз сұралады.

Сөйлеген: Джаманкулов Турсыналы – Сарымолдаев көшесінің тұрғыны: бұл ұсынысты қолдай отырып, ауылдық округ атауын өзгерту дұрыс деп санаймын.

Сөйлеген: Гасанова Марал – жергілікті қоғамдастық мүшесі: Ауылдық округтің Степное атауын Ақдала атауына өзгертуді дұрыс деп есептейміз. Ауылдық округ пен ауыл атауын өзгерту өскелең ұрпаққа қалдырар өнегелі іс деп білемін.

Сөйлеген: Зарипбаева Құтлыбике —  Өтеген көшесінің тұрғыны: Округ атауын Ақдала атауына өзгертуді қолдаймын. Ескі атауының мемлекеттік тілдегі аударымы қойылғаны дұрыс деп есептеймін.

Сөйлеген: Берекетов Анапия – Оңтүстік көшесінің тұрғыны: ауыл атауын өзгертетін уақыт келді. Бұл ұсынысты қолдай отырып, ауылдық   округ атауын өзгерту  дұрыс деп санаймын.

Сөйлеген: Төлегенов Тұрғанбай – Оңтүстік көшесінің тұрғыны: округ атауын да, ауыл атауын да өзгерту жұмысын қолдағандарыңызға алғыс айтамыз. Бұл ұсынысты қолдай отырып, ауылдық округ атауын өзгертуге оң көзқарас білдіреміз.

К.Джолдасбаев — Степной ауылдық округінің әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                       2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- 67 адам

Қалыс –  3 адам

Қолдағандар саны -729 адам

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Степной ауылдық округі Ақдала ауылдық округі деп қайта атау туралы ұсынысты округ тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы жөнінде жария етті.

 

Жиынның шешімі:

  1. Қордай ауданы Степной ауылдық округі Ақдала ауылдық округі болып қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну үшін аудан әкімдігі мен аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізілсін.

 

 Жиын төрағасы                                                          К.Джолдасбаев

        

          Жиын хатшысы                                                         И.Шуйшибекова

 

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округіне қарасты Степной ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№ 1 Х А Т Т А М А С Ы

Степной ауылы                                                                                  04.07.2023 жыл

 

Жиналыс төрағасы: К.Джолдасбаев

Жиналыс хатшысы: И.Шуйшибекова

 

Жиналысқа қатысқандар:

1)      Жергілікті қоғамдастық мүшелері —  20 адам;

2)      Степной ауылының тұрғындары — 523 адам.

 

Күн тәртібінде:

Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп

қайта атау туралы

 

Тыңдалды: К.Джолдасбаев — ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиналысқа Степной ауылының тұрғындары және 20 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.

Степной ауылының атауын қайта атау туралы ұсыныстар түсіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы   24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, «Идеологиялық  тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Осыған орай, ауыл тұрғындары өздеріңіз тұрып жатқан Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп қайта атау туралы өз ойларыңызды ортаға салуларыңыз сұралады.

Сөйлеген: Соседова Елена — Бәйшешек көшесінің тұрғыны: Степной ауылы Бәйшешек көшесінің тұрғынымын, ауыл атауы өзгерсе, құжаттарды өзгертуіміз қажет па?

Жауап берген: К.Джолдасбаев — Степной ауылдық округінің әкімі: Ауыл атауы өзгергенде, қажеттілікке байланысты ауыл атауының өзгергені туралы анықтама, шешімнің көшірмесі беріледі,  құжаттар өзгертілмейді.

Сөйлегендер: М.Жамбайбеков, М.Сихымбаева – қоғамдастық мүшелері: Ауыл атауын елімізге еңбегі зор ұлы тұлға атауына өзгертуді дұрыс деп есептейміз. Бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп санаймыз.

Сөйлеген: Тустикбаев Тлеужан – Қазына көшесінің тұрғыны: ауыл атауын өзгертетін уақыт келді. Бұл ұсынысты қолдай отырып, ауыл  атауын өзгерту  дұрыс деп санаймын.

К.Джолдасбаев — Степной ауылдық округінің әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы- 61адам

Қалыс –  3 адам

Қолдағандар саны — 459 адам

Жиналыс төрағасы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Степной ауылының атауын Дінмұхамед Қонаев ауылы деп қайта атау туралы ұсынысын ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Жиынның шешімі:

  1. Қордай ауданы Степной ауылдық округіне қарасты Степной ауылының атауы Дінмұхамед Қонаев ауылы болып қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну үшін аудан әкімдігі мен аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізілсін.

 

  Жиын төрағасы                                                          К.Джолдасбаев

 

         Жиын хатшысы                                                            И.Шуйшибекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.