Жамбыл облысындағы жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындылары

0

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастағанын хабарлайды.

Декларацияны табыстау жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндеттемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

Бұл ретте бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары (қатысушалыры) және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды.

2024 жылы Декларацияны Жамбыл облысы бойынша 133,8 мың жеке тұлға табыстауы қажет.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 70 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 52,2% декларацияны тапсырды.

Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.