Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

0

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жетекшілік етті. Іс-шара Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының басшылығы, түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында конституциялық реформаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Әсіресе заң үстемдігі және әділдік қағидаттарын Конституция деңгейінде бекітілуінің маңызы аталып өтті.

Сондай-ақ жиында мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы байланысты нығайту мәселелері сөз болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.