Соңғы жылдары қызылша бойынша жағдай назарда: 2025 жылы 927 жағдай тіркелсе, 2026 жылдың басынан бері 555 жағдай анықталған. Қазіргі таңда жағдайды тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп, байланыста болған тұлғалар бақылауға алынуда, вакцинация жұмыстары күшейтілген.
Өңірде вакцина қоры жеткілікті. Жыл басынан бері 43 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алған. Иммундау жұмыстары жүздеген екпе пункттері мен жылжымалы бригадалардың қатысуымен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, ерекше қауіпті инфекциялар бойынша да қауіп сақталып отыр. Облыс аумағында оба, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы және өзге де трансмиссивті инфекциялар ошақтары бар.
Бүгінде облыста дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қоры қалыптастырылған. Инфекциялық қызмет жүйесінде жүздеген медицина қызметкері жұмыс істеп, аудандық ауруханалар мен алғашқы медициналық ұйымдар толық жұмылдырылған.
Өңірде жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.