Жамбыл облысында көктемгі және күзгі дала жұмыстарын тиімді жүргізу үшін шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

0

Жамбыл облысында көктемгі және күзгі дала жұмыстарын тиімді жүргізу үшін шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. 2026 жылға 27,4 мың тонна дизель отыны қарастырылып, оның 18,2 мың тоннасы көктемгі жұмыстарға бөлінді. Мемлекет бекіткен баға бойынша дизель отынының 1 литрі 281 теңгені құрап, нарықтағыдан 15%-ға төмен деңгейде ұсынылуда, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өңірде жанар-жағармайды тарату үшін 8 өңірлік оператор айқындалған. Олардың қатарында «Тараз VIP сервис» ЖШС, «SAMOIL» ЖШС, «Ақ қайың» ЖШС, «Казснаб-Групп» ЖШС, «WeDo Energy» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар.

Көктемгі жұмыстарға 10,7 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Оның ішінде 5 447 трактор, 1 032 соқа, 562 қопсытқыш, 645 дән сепкіш бар. Сонымен қатар техника паркін жаңарту мақсатында 476 жаңа техника алу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.