ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

0

Кездесу барысында шаруашылық және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, медициналық қызмет көрсету, сондайақ жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар өңір тұрғындарының жеке өтініштері мен ұсыныстары талқыланды.

Ербол Қарашөкеев азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, шұғыл өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.