Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Қордай ауданына барып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Қордай ауданына барып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, биылғы бес айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

Облыс экономикасында тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл басынан бері өңірге 254,4 млрд теңге инвестиция тартылып, негізгі салалардың барлығында оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі – 17,9 пайызға, құрылыс жұмыстары – 22,8 пайызға, көлік саласы – 13,3 пайызға, сауда көлемі – 3,9 пайызға, байланыс қызметтері – 4,5 пайызға, ауыл шаруашылығы – 2,5 пайызға өсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.