Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйі мен полигондардың жұмысы қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нартай Егембердиевтің айтуынша, өңірде тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 163 полигон жұмыс істейді. Оның 159-ы коммуналдық меншікке тиесілі болса, 4-еуі жеке меншік нысан ретінде тіркелген.