Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осы бағытта Департамент жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты тексерулер жүргізуде.
Бүгінгі танда жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерінің атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан.
Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер!
Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерге тап болсаңыз, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тәулік бойы қызметін көрсететін 8(7262)-347538 сенім телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.
Жамбыл облысы бойынша Экономикалық
тергеп-тексеру департаменті