ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТҰРАТЫН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

0

Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында қызмет ету – бұл тек қана міндет емес, ол ұлы мәртебе мен ел алдындағы борыш. Біздің ұлы республикамыздың шекарасында тұратын әрбір шекаралас жергілікті тұрғын оның қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін жауапты. Мемлекеттік шекараны қорғау – бұл тек шекараны қорғау емес, бұл біздің азаматтарымыздың тыныштығы мен Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау.

 

Әрқайсымыз осы маңызды істің бір бөлшегіміз. Шекараны қорғау – бұл тек қана шекарашылардың міндеті емес, сонымен қатар шекаралас аймақтарда тұратын барлық азаматтардың парызы. Бұл біздің Отанға деген сүйіспеншілігіміз бен патриотизміміздің көрінісі. Шекараны қорғауға бағытталған әр қадам, әр әрекет мемлекетімізді күшейтіп, болашақ ұрпақтың бейбіт өміріне кепіл болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Сол себепті шекара маңындағы жергілікті тұрғыны болсаңыз, яки уақытылы тұрмыс-тіршілікте болсаңыз: Мемлекеттік шекараны, Мемлекеттік шекара режимін бұзу фактілері мен әрекеттері орын алған жағдайда, Шекара қызметі құрылымдылық бөлімшелерінің өкілдеріне хабарласуыңызды сұраймыз. 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы

бойынша департаментінің кезекшілік қызметі:

8 (7262) 940-507, 8 (7262) 940-517.

БІРЛІГІМІЗ БЕН ТЫНЫШТЫҒЫМЫЗДЫ САҚТАУ ҮШІН ШЕКАРАМЫЗҒА СЕРГЕК ҚАРАП, ОРТАҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕЙІК!

Leave A Reply

Your email address will not be published.