ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ЖАҢАТҰРМЫС АУЫЛДАРЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

0

Жамбыл ауылдық округінің балалары қуанышқа кенелуде. Мемлекеттік бағдарлама негізінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылдарында балалар ойын алаңшасы ашылды.

Ойын алаңында бүлдіршіндерге арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабылған ойын құрылғылары орнатылған. Ойын алаңы түрлі-түсті бояулармен әсемделіп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген.
Ел игілігіне қолданысқа берілген ойын алаңшасы ауыл балаларының салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізері сөзсіз. «Шуақты көктем келіп, балақайлар нағыз асыр салып ойнайтын шақта бұл өте қуанышты жаңалық болды»,- деп ауыл тұрғындары дән риза. «Ауылымызда балаларға арналған ойын алаңшасының ашылуы айтулы оқиға. Бүлдіршіндеріміз енді бос уақыттарын таза ауада өткізіп, қызықты ойындар ойнап, физикалық қабілеттерін дамытады. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан оларға қамқорлық танытып, дені сау, сергек болып жүрулеріне атсалысу — біздің міндетіміз»,- дейді ауылдық округ әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.