ЖАНУАРЛАРДЫ УАҚЫТША ҰСТАУ ОРНЫ

0

Қордай ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарлардың адамға шабуыл жасауының алдын алу және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында иесіз, агрессивті иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде.

Аулау жұмыстар қолданыстағы санитарлық талаптар мен заңнамаға сәйкес, жануарларға қатыгездіксіз, гуманды тәсілдермен жүзеге асырылады.

2025 жылдың басынан бері аудан аумағында тұрғындардың өтініштері бойынша 375 бас иесіз ит ауланды.

Қазіргі таңда ауданда иттерді уақытша ұстауға арналған панажай (питомник) жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен иттерге арналған панажай құрылысын бастап кетті. Нысанды жақын арада құрылыс жұмыстарын аяқтаған соң пайдалануға беру жоспарлануда.

Панажай толық іске қосылғанға дейін, аулап алынған жануарлар шектеулі жағдайда, ветеринариялық мамандардың бақылауында уақытша ұсталып, тиісті ветеринариялық қараудан өткізіліп, вакцинация және қажетті өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.