Жарқын болашаққа нық қадам

0

«Бүгін мен елімнің болашағы үшін сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Әр азамат осындай маңызды саяси науқанда белсенділік таныту қажет деп санаймын. Себебі біз жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек. Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын даңғыл жол. Бүгінгі шара Қазақстанның демократиялық даму жолындағы өте маңызы зор қадамдардың бірі деп білемін. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының Қазақстанда нақты жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде тек мемлекеттік органдар аясында ғана емес, халықтың қатысуын, шешімін маңызды деп, атап өткені баршаға белгілі. Бүгінгі референдум — сонның айғағы. Жарқын әрі қауіпсіз болашағымыз үшін жасалған нақты әрі нық қадам.
Айман Ашимова, облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындығы Әйелдер қанаты кеңесшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.