25 мамырда Қордай ауданында «Қоғам сақшысы» жобасы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған шара «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Қордай аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып жүзеге асырылды.
Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңсыз жүрісін шектеу, қоғамдық тәртіп пен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында қорқор (кальян) шегудің алдын алу және оның зияны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Рейд аясында құрылған арнайы мобильді топ аудан көлеміндегі бірқатар қоғамдық орындарды, атап айтқанда, кафелер мен ойын-сауық мекемелерін аралап, жасөспірімдерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін іс-әрекеттердің, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында қорқор (кальян) шегу фактілерінің алдын алу мақсатында бақылау күшейтіліп, тиісті шаралар қабылданды.
Балалар қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заң талаптарын сақтай отырып, қоғамның тыныштығы мен ұрпақ болашағына бірге жауапты болайық!