Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

0

Аудандық білім бөліміне қарасты Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназияда, Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Сахатовтың төрағалығымен, аудан прокурорының орынбасары Мақсат Жетігеновтың қатысуымен, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Көшпелі, кеңейтілген отырысы өткізілді.

Көшпелі отырысқа, комиссия мүшелерімен қатар, мектеп және колледж директорлары, денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлері, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлары қатысты.

Алдымен, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу мәселесі бойынша білім бөлімі басшысы С.Әшірбеков осы саладағы профилактикалық шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі бойынша аудандық полиция өкілі Н.Жалжанов баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жағдайларды төмендету бойынша әлеуметтік бақылау жүйесін нығайтуды ұсынды.

Ал күн тәртібіндегі денсаулық сақтау және ерте жүктіліктен сақтандыру мәселесін баяндаған аурухана басшысының орынбасары С.Сұраншиева жасөспірімдерге арналған медициналық-білім беру бағдарламаларын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Төртінші мәселе төңірегінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Б.Апильжанов аудандық деңгейде құқық бұзушылықтарды тез анықтау үшін мобильді топтардың Алгоритмін ұсынып, олардың құрамымен таныстырды.

Шара барысында аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ғабдулұлы кәмелетке толмағандар арасында заңдылықты қамтамасыз ету және жас ұрпақтың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар ұсынды.
Бақыт Оңласынұлы барлық жауапты мекемелердің жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауда жүйелі мониторинг жүргізуін айтып, нақты мерзімдерде орындалатын тапсырмалар берді.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.