ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Қордай ауданында балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандарға әдістемелік-методикалық қолдау көрсету мақсатында семинар-кеңес өткізді. Шараға облыстық полиция департаментінің, облыс әкімдігінің білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері, дін істері басқармасының өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, мектеп директорларының тәрбие ісі және құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар қатысты.
Семинар-кеңесті ашқан Жамбыл облысы әкімдігінің КТІжОҚҚЖ комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова ауданға келудегі мақсатын түсіндіріп, жиынның күн тәрті-бімен таныстырды.
Алғашқы баяндаманы облыстық дін істері басқармасының ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің бас маманы Самғат Мутанов жасап, «Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың діни сауаттылығын көтеру проблемалары» тақырыбында сөз қозғады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы М.Керімбеков сөз алып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың еңбегін пайдалануда заң талаптарының сақталу жолдары туралы айтып өтті.
Ал «Қорғаншылық және қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге берілген балалармен жұмыс жүргізу туралы» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы Еркебұлан Таткеев егжей-тегжейлі түсіндірді.
Осыдан кейін Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова сөз алып, «Ерте жүктіліктің алдын алу, жастарды адамгершілік-жыныстық тәрбиеге баулу» жайында баяндама жасады.
Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының мүшелері семинар-тренингтің соңында жиынға қатысушыларды қызықтырған сауалдарға жауап беріп, психологтардың қатысуымен тренинг ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.