Бүгін елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Таң сәріден ауыл әкімін анықтау үшін Сұлутөр ауылының тұрғындары сайлау учаскесіне көптеп жиылып, өз таңдауларын жасауда. Сайлаушылардың қатарында ауылдың жас отбасылардың бірі Абыкаевтарда өз міндеттерін атқару үшін қолдарына бюллетен алып, таңдауларын жасауда.
— Біріншіден бұл сайлауды әр өңір ауылдары асыға күтті. Өйткені олар енді өздері ауыл әкімдерін сайлау құқығына ие. Мемлекет басшысының бұл бастамасына дән риза ауыл тұрғындары өз еріктерімен келіп, өз таңдауларын жасауда. Менде өзіме ұнаған үміткерді лайықты деп таңдадым- дейді Абыкаев отбасы мүшелері.
Сұлутөр ауылында сайлау қыза түсуде. Он күнге жуық әр үміткер өз сайлаушыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстарып өтті. Осы уақыт аралығында сайлаушылар өз үміткерлерін таңдап қойған болар. Бүгін сол таңдаудың шешуші күні.