Жас сайлаушылар клубын құру

0

8 қыркүйекте Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясында жас сайлаушылар клубының қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу мәелелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жас сайлаушылар клубының ашылуы жастардың электоралдық мәдениетін арттыруға, Қордай ауданының жас азаматтарының құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған. Клуб сайлау процесінің өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау, сондай-ақ білім беру және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру үшін диалог алаңына айналады.

Сондай-ақ, отырыс аясында іскерлік ойындар, шеберлік класы мен семинар-тренингтерден бастап байқаулар мен кездесулерге дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтитын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды.

Қатысушылар жастарды демократиялық даму үдерістеріне тартудың және мемлекетіміздің негізгі заңында бекітілген конституциялық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.