Гвардейск гарнизонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жас толықтыру сарбаздары практикалық ату дайындық сабағында атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындады.
Қолына қару алып, Отан алдындағы әскери борышын өтеу, әрбір ер азаматтың парызы мен міндеті.
Карантин талаптары ескеріліп, практикалық ату дайындық сабағы, «Мәтібұлақ» полигоны мен Құрлық әскерлеріне қарасты Қарасай батыр атындағы оқу орталығының полигонында жүргізілді. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуы жас толықтыру бағдарламасының жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылып өткізілді. Жас сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары мен қыр-сырын және бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауыіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді.
Сонымен қатар, ату дайындық сабағы барысында оқу орындарында атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтер орындап жаттықты.
«Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан нысаналарға оқ атып, нағыз жауынгер сарбаз екенімізді сезіндік. Әскерге келген күннен бастап офицерлер мен сержанттар бізге көп нәрсе үйретті әсіресе атыс даярлық сабақтарында қаруды қолданудың әдіс-тәсілдері мен қыр-сырын және қару қолданудағы жауаптылыққа үйретті. Мен Қарулы Күштердің қатарында өз борышымды атқаруға келгеніме өте қуаныштымын», — дейді 82796 әскери бөлімінің жас сарбазы Тамирлан Казиев.
Гвардейск гарнизоны баспасөзқызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов