ЖАС САРБАЗДАР ТАРИХПЕН ТАНЫСТЫ

0

Аудандық тарихи-өлкетану музейіне Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен келген Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының 300-ден астам жас сарбаздары экскурсияға қатысты.

Оларға жетекшілік етіп келген бөлім бастығының орынбасары, подполковник Каженов Жандос Кабирович сарбаздардың музейде өлке тарихымен және атақты тұлғаларымен танысуына мүмкіндік жасады. Сарбаздар музейдің алты негізгі залын аралап, өлкеміздің флорасы мен фаунасын, көне дәуірден қалған археологиялық артефактілерді, Кеңес дәуіріндегі тарихи оқиғаларды және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуы туралы толық ақпаратпен танысты. Жәдігерлер арқылы сарбаздарға өлкеміздің атақты тұлғалары,олардың елге сіңірген еңбектері мен мәдениетімізге қосқан үлестері де баяндалды. Экскурсияның негізгі мақсаты — сарбаздарға өлкеміздің бай тарихы мен мәдениетін тереңірек таныстыру арқылы патриоттық сезімдерін оятып,

Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандыру. Бұл іс-шара олардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, өздеріне жүктелген жауапкершіліктің маңызын түсінуге көмектесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.