Елімізде жастарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру үшін «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мәселесін шешудегі бірден-бір жол. Бағдарлама жастардың өз мамандығы бойынша практикалық тәжірибе жинақтауына жол ашып, болашақта тұрақты жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында биыл 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланса, оның 3 354-і «Жастар практикасы», 1 031-і «Алғашқы жұмыс орны», яғни жас түлектерге арналған орын. Жыл басынан бері жастардың тәжірибе жинақтауына 892 адам, ал, алғашқы жұмыс орынына 1032 жас жолданған.
«Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу үшін соңғы 5 жылда оқу орнын тәмамдаған және 35 жастан аспаған болуы керек. Айлық жалақысы мемлекет тарапынан төленеді. 2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш бойынша бекітілген 30 АЕК – 110 760 теңгені құрап отыр. Бағдарламаға қатысу мерзімі – 12 ай.
Қажетті құжаттар:
–Жеке куәлік көшірмесі;
–Білімін растайтын құжат (қосымшасымен);
–Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда);
–Банктен 20 сандық есепшот анықтамасы.
Оқу орнын бітірген түлектерді «Жас-тар практикасы» бағдарламасына қатысып, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға шақырамыз.
Аудандық «Мансап» орталығы
ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ
Prev Post