«Жасанды интеллект туралы» жаңа заң жақында күшіне енеді

0

«Жасанды интеллект туралы» жаңа заң жақында күшіне енеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында көп ұзамай Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылатынын айтты.

– Жасанды интеллект пайда болғаннан бері болашақтың кемесіне мініп үлгеретін елдер мен ескі заманда қалып қоятын елдердің арасы алшақтай бастады. Сондықтан, мен цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні Қазақстанның даму жолындағы басым бағыт деп жарияладым. Биыл өте көп шаруа атқарылады. Осы айрықша маңызды жұмыстың табысты боларына сенемін.

Айта кететіні, 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.