Жасанды интеллект – заман талабы

0

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті дамыту» бағыты бойынша «AI Qyzmet» оқыту семинары өтті.

Семинар жұмысына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кабинетінің жетекші сарапшысы Жанар Мырзахметова және филиалдың ақпараттық технологиялар бойынша бас инспекторы Мирас Болатбеков төрағалық етті.

Қазіргі заманғы технологиялық өзгерістер жағдайында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру ерекше маңызға ие. Жасанды интеллект пен деректерді талдау әдістерін меңгеру мемлекеттік басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект саласындағы заманауи біліммен қаруланып, мемлекеттік басқару процесіне AI технологияларын енгізу жолдарын, цифрлық шешімдердің тиімділігін, деректерді басқару тетіктерін меңгерді.

Бұл оқыту – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.

Жиын соңында барлық қатысушыларға «AI Qyzmet» базалық онлайн курсын өткендігін растайтын арнайы сертификаттар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.