ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

0

12 тамыз – Халықаралық Жастар күні мерекесінде түрлі салада жетістікке жеткен бірқатар жас буын өкілдері марапатталды. Аудан әкімдігінде өткен іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай барша жастарды құттықтап, құрмет көрсетті.

Тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыруда жастарға үлкен сенім артқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар – жаңа идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші», деген болатын.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін, — деп Мағжан ақын айтқандай, егемен еліміздің жастары әлеуметтік және қоғамдық өмірдің ортасынан табылып жатады. Өзгерістер мен жаңалықтарға ең алдымен бейімделетін жастар болуы тиіс. Егемендік жылдары туып-өскен ұрпақ болғандықтан, халықтың келелі істерді күтуі заңды. Жастардың бойынан ұлтқа деген сүйіспеншілік, кішіпейілділік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттері көрініс тапса екен дейміз.

«Құрметті жалынды жастар! Баршаңызды бүгінгі 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі де өздеріңдей жастарға байланысты. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер! Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін. Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!», – деп сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, аудан әкімінің ізгі тілегін жеткізе отырып, марапаттау рәсіміне көшті. Ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқаны және аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін, аудан әкімінің құрмет грамотасымен: А.Исраилова, А.Сәрсен, Р.Бейсехан, Б.Жүсіп, Б.Әпілбек, Б.Омар, Н.Саркулов, А.Шворин, Д.Қасенқұл, А.Нүсібалы, Г.Мамбеталиева, Ж.Кеунимжаева мараппатталды. Ал, аудан әкімінің құттықтау хаты М.Каримов, Д.Молжігітов, Ш.Буралқинова, А.Исраилова, А.Ергешбаева, Б.Кемелхан, Қ.Ниязбекке ұсынылып, сондай-ақ барша марапат иелеріне «Жастар ресурстық орталығының» арнайы сый-сияпаттары табыс етілді.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.