12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай «Тәуелсіз елдін жастары» атты мерекелік шара орталық жасыл саябақта ұйымдастырылды. Тамаша шараны «Тамина» би ансамбілі «Аққу» биімен ашып, одан соң аудан жастарын төл мерекемен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Мадияр Қарабаев құттықтап, аудан басшысы Бегзат Болатбековтың ыстық сәлемін жеткізді.
«Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың колында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын коғамның қозғаушы күші жастар»,- деді Мадияр Бақытбекұлы.
Келесі кезекте аудан жастарына арналған концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Ән мен би, тамаша көңіл-күй аудан аспанында қалықтай түсті.
Жастар мерекесі аталып өтті
Prev Post