ЖАСТАР ОТАНШЫЛДЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕНУІ ТИІС

0

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әділет Құттыбайдың ұйымдастыруымен, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Құрманбек Әлімжан, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дүкенбай Сегізбаев, Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің қызметкері Ардақ Бұқарбаев, Қордай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, подполковник Арман Сихымбаев, Қордай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Жаңабай Орақбай және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен,  Қордай гуманитарлы-экономикалық, Береке гуманитарлы-техникалық колледжі білімгерлерімен 2022-2025 жылдарға арналған жастар арасында отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға бағытталған тақырып аясында кездесу өткізілді.

Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте сақтауға тиіс. Аталған шаралар жалғасатын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.