«Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық полиция бөлімі және білім бөлімінің бірлескен ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу болып табылады.
Рейд барысында аудан аумағындағы бірқатар нысандарға, атап айтқанда кафелерге, ойын-сауық орындарына және компьютерлік клубтарға тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру кезінде заң талаптарының сақталуы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болу-болмауы назарға алынды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай профилактикалық шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық полиция бөлімі және білім бөлімінің бірлескен ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді
Prev Post