«Jas Отан» ЖҚ «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенділері мен «Бәйтерек» БПҰ мүшелері «TazaLike» партиялық жобасы аясында экоплоггинг (жүгіру және қоқыс жинау) түріндегі алғашқы экологиялық акцияға қатысты.
«Taza Like» партиялық жобасы қоғамда экологиялық ойлауды қалыптастыруға және экомәдениетті дамытуға бағытталған. Шара барысында экоплоггингте қоқыс жинаған қатысушылар канал бойынан бастау алып Орталық паркте аяқтады. «Бәйтерек» БПҰ төрайымы Аида Намазова аталған жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық санасын арттыру және ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін дамыту екенін атап өтті. Ауданымыздың жастары патриоттық рухты ғана емес, қоршаған ортаға деген қамқорлық деңгейін де қолдайды. Мәреге бірінші әрі толы қап қоқысымен жүгіріп келіп, бас жүлдені иеленген «Береке» ГТК студенті Динва Альфия болды. Көктемгі желді ауа райына қарамастан, экоплоггингке қатысушылардың барлығы қоқыс жинап, «Аманат» партиясы аудандық филиалының бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.