ЖАСТАР ЖАЙЫ ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

0

Қордай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың жетекшілігімен жастар ісі жөніндегі кеңестің І отырысы өтті.

Кеңес жұмысына кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, колледж басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Отырыста күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры мемлекеттік жастар саясатының орындалу барысы туралы баяндама жасады. Онда Қордай ауылдық округінде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша қолға алынған жұмыстар туралы толығымен баяндалды.

Сондай-ақ, жиында ауданда жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланып, жастардың денсаулығын сақтау бағытында жүргізілген іс-шаралар бойынша ақпарат ұсынылды.

Кеңес барысында жастар саясатын одан әрі жетілдіру, жастармен кері байланысты нығайту және өзекті мәселелерді шешу жолдарына қатысты нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жауапты мекемелерге бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысы бойынша аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылуына серпін беретін жаңа міндеттер белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.