ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ауданда деструктивті діни ағымдағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, оңалту және аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қазақтың дәстүрлі дінименмәдениетінжәне салт-дәстүрін насихаттауға аудандағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің сауаттылығын арттыру мақсатында «Қордай ауданы тұрғындары арасында әлеуметтік желілер арқылы діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроримзнің алдын алуға бағытталған кешенді іс шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында бір жоба іске асырылды. Жоба жеңімпазы – «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қоры.

Жоба аясында интернет желісіндегі «Facebook», «Instagram», «TikTok», «Telegram» әлеуметтік желілеріндегі арнайы парақшалар ашылып, діни мазмұндағы материалдар жарияланды. Арнайы бейнестудия құрылып, Каипов Нұрбектен (Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Дін» секторының инспекторы, дінтанушы) «Дәстүрлі дін» тақырыбында Аманбаев Ержаннан (Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің имамы) «Қазіргі таңдағы дін мәселесі» тақырыбында, Усенова Зейнептен (Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы) «Дін тақырыбындағы мәселе» тақырыбында, Құттыбаев Дәурен («Абдықадыр» мешітінің имамы) және Таласбаев Есеттен (Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы) «Дәстүрлі емес діни ағымдар» тақырыбында, Ембергенов Амангелдіден («Құлбай баба» мешітінің имамы) Экстремизм мен терроризм тақырыбында, Марал Хантөреқызы («Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психолог) «Жастардың арасындағы дін мәселесі» тақырыбында сұхбаттар алынды. Сұхбат «Youtube» әлеуметтік желісіндегі «Dinitanym» парақшасына жарияланды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.