ЖАСТАРДЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

0

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі №7 Бетқайнар колледжімен бірлесіп, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында білім алушылар арасында «Мамандық — өмір таңдауы» атты байқау ұйымдастырды.

Шара Жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілді және жастардың еңбекке деген ынтасын арттыруға, таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталды. Байқауға колледждің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Дәнекерлеу» және «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтарында оқып жатқан білімгерлер қатысты. Қатысушылар өз білімдерін, кәсіби дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, сайыстың мазмұнын байыта түсті. Байқау нәтижесінде келесі номинациялар бойынша үздік білімгерлер анықталды. «Ең үздік тігінші» номинациясы бойынша Жанерке Боранбай, «Ең үздік дәнекерлеуші» номинациясы бойынша Айбек Марат, «Ең үздік ауылшаруашылық механизаторы» номинациясы бойынша Максим Назаров жеңімпаз атанды.

Қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.