ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БАЄДАРЛАМАЛАРЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

0

Жалпы, тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шараны жүзеге асырды. Әсіресе, соңғы уақытта ел жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жан-жақты қолдау ісі ерекше қарқын алды. Мұның басты айғағы ретінде 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағытта берген тапсырмалары шеңберінде нақты, жүйелі шаралар қабылданып, жүзеге асырылуын айтуға болады.

Жастарға елімізде айтарлықтай көңіл бөлінгендіктен, олардың әлеуметтік сала жағынан болсын, баспанамен қамтамасыз етуі жағынан болсын арнайы бағдарламалар жасалынып келеді.
Мәселен, былтырғы жылдан бастап, жастарды үймен қаматамасыз ету мақсатында Отбасы банк, яғни «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» Елорда Жастары тұрғын үй бағдарламасын іске қосқан болатын. нәтижесінде көптеген жастар мен жас отбасылар баспанаға қол жеткізген болатын. Сондай-ақ жастарды ынталандыру мақсатында Білім беру саласы, Денсаулық сақтау, Мәдениет, спорт, құқықтық қызметтер саласының қызметкерлеріне және әлеуметтік салаға кіретін, коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, жетім балаларға жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие алуға керемет мүмкіндік.
Бірақ Elorda zhastary мен Алматы жастары, Шымкент жастары бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың жасы отыз бес жастан аспауы тиіс. Жас отбасыларға арнайы елорда мен Алматы қалаларында «Елорда жастары, «Алматы жастары» сынды бағдарламалар жасақталып, әр сала қызметкерлері осы уақытқа дейін жеңілдетілген несие арқылы баспаналармен қамтамасыз етіліп келеді. Аталған бағдарлама еліміздің жастары үшін мемлекет ұсынған үлкен көмек. Яғни, үйдің алғашқы жарнасын жылдар бойы жинамай-ақ, баспаналы болуға таптырмас мүмкіндік екені айдан анық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары 2025 жылға дейін аталған өңірлерден бөлек басқа да облыстарда жергілікті әкімдіктердің ықпалымен «Отбасы банкі» бірлесе отырып, жастарға жеңілдетілген несие бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.
Аталмыш бағдарлама аясында өзге де аймақтарда жұмыстар жүргізілу басталып та кетті. Мәселен, Жамбыл облысының әкімдігі мен Жастар саясаты басқармасы «Отбасы банк» өкілдері тарапынан «Әулиетата жастары» атты жас мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді қолға алған болатын. Осы орайда, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өңір жастарымен кездесу өткізген болатын. Жиында жас мамандарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаттары мен артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген еді. Сондай-ақ жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан бастау алған «Алматы жастары», «Елорда жастары» секілді бірнеше бағдарламаларды тілге тиек ете отырып, алдағы уақытта өңірде аталған бағдарламалардың жүзеге асатындығы жөнінде сөз етілген еді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жастарды ынталандыру мақсатында баспана жағынан, әлеуметтік табысын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар іске асып келеді. Соның ішінде жоғарыда аталған бағдарламалардан бөлек, «Ұмай», «Шаңырақ», «Жас отбасы» бағдарламалары арқылы да көптеген жас мамандар баспаналы болу бақытына ие болды. Осы орайда, жастарға кеңес ретінде әр бағдарламаның өзіндік ерекшеліктері мен тиімді жақтарын айта кеткен жөн. Мәселен, «Жас отбасы» бағдарламасына некеде тұрғанына бес жылдан аспаған жас отбасылар қатыса алады. Бірақ бір ескерерлігі, ерлі-зайыптылардың екеуінде болмаса да біреуінде «Отбасы банктен» бір жылдық қаражат жиналған депозиті болуы қажет. Сонымен қатар несие рәсімдемес бұрын ашылған депозитінде сатып алатын тұрғын үйінің ел пайызы жиналып, бағалау көрсеткіші бес пайызға жеткізілуі шарт. Тағы бір айтатын жайт, ерлі-зайыптылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмаған. Ал мөлшерлемесі алты пайыздан басталған ЖТСМ, 100 миллион теңге сомасында несие мөлшері, алты жылдан тоғыз жылға дейінгі несие мерзімін қамтиды. Кепілдік ретінде сатып алынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті қояды.
Артықшылығы ретінде несиені алып не қолданыстағы үйді немесе пәтерді сатып алып қана қоймай, жер үй салуға болады. Тіпті тұрғылықты үйлерін жөндеуге пайдалануға болады. Сонымен қатар «Жас отбасы» бағдарламасының екі жыл өткен соң жылдық мөлшерлемесі бес пайызға дейін төмендетілу жағдайы жасалған. Осындай тиімді бағдарламалар арқылы жас мамандарға, жас отбасыларға жақсы жағдай жасалынғанын осындай тиімді бағдарламалар арқылы жас мамандарға, жас отбасыларға жақсы жағдай жасалынғанын аңғарамыз. Бұл Қазақстандағы жастар саясатына айрықша көңіл бөлінгенінің дәлелі.
Одан бөлек, жастарға арналған тағы бір бағдарлама «Арнау» депозиті деп аталады. Бұл бағдарламаның тиімді жағына келсек, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер келешекте баспаналы болуына арналған. Яғни, ата-аналар балаларының атынан «Арнау» депозитін ашып, он жылдың ішінде алатын баспананың елу пайызын жинақтауы тиіс. Ал қалған соманы жылдық екі пайызбен рәсімдей алады. Бірақ бір ескерері, бағалау көрсеткіші қырық сегіз ұпайға жетуі керек.
Енді жастарға арналған бағдарламаның тиімді тұсына келсек, жылдық сыйақысы екі пайызды құрайды. Ал жинақ мерзімі 10 жылдан он бес жылға дейін. Тиімді сыйақы мөлшерлемесі алты пайызға дейін. Оның ішінде жиырма пайыздық мемлекеттік сыйлықақысы бар.
Осындай бағдарламаларға ұқсас, осы уақытқа дейін жастарға алты жүз мыңнан астам жаңа депозиттер ашылған. Ал депозиттік портфельдің жалпы сомасы бір жарым миллион теңгеге тең. Жалпы банкте барлығы екі жарым миллион депозит енгізілген. Сондай-ақ жастарға көмек ретінде «Алматы қаласындағы жастардың баспана мәселесі» атты тақырыпта дөңгелек үстелдерде жүргізіліп келе жатқанына біраз уақыт болды. Сол жиындар арқылы өте маңызды мәселелер көтеріліп, тек Алматы қаласы бойынша шектеліп қалмай, тұтас республика бойыша тұрғын үйге қатысты сауалнамалар жүргізіліп, жан-жақты ұсыныстар айтылып жатады. бұл елдің боллашағы үшін, жастардың ынтасын арттыру үшін жасалынып жатқан шаралар.
Жастарға арналған тұрғын үйден бөлек, жастар саясаты бойынша елімізде білім саласында да көптеген жеңілдіктер мен жағдайлар көп жасалынады. Мысалыға, Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ Аризона университетімен бірлесу арқылы қос дипломдық бағдарламаны іске қосқан еді. Аталған бағдарлама бойынша биыл оқуға түскен талапкерлер екі дипломға өтініш бере алады. Яғни, қазақстандық және американдық дипломдар. Ал оқытуды халықаралық профессорлар ағылшын тілінде жүргізеді. Соңғы семестр студенттері Америкада, Аризона университетінің негізгі кампусында оқиды. Ал оқытылатын биылғы мамандықтардың тізіміне төмендегі
— Biotechnology;
— Food Safety;
— Plant Sciences;
— Plant Health мамандықтары кіреді. Оған қойылатын талаптарға стандартталған емтихан нәтижелерін жүктеп алу (IELTS/TOEFL) қажет. Және ынталандыру хатын жазып, математика бойынша білімін көрсету (ҰБТ/SAT/ACT). Бұл қазіргі таңдағы жастарға арналған керемет мүмкіндік десек артық айтқандық емес.
Елімізде жастарға жасалынып жатқан тағы бір жағдайға келсек, білім саласы бойынша 2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарын 50 пайызға ұлғайту жоспарланды. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің айтуынша, аталмыш қадамдар өңір жастарының білімін лайықты деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шешім болып табылады. Осыған сәйкес, «2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы жыл сайын жиырма пайызға, ал магистранттар мен докторанттарға тағайындалатын стипендия он бес пайызға артады. Яғни, 130 мыңға жуық студент пен докторантты қамтиды. Студент жастар үшін өзекті мәселелердің бірі жатақхана тапшылығы.
Сонымен қатар Үкімет тарапынан жастар саясаты бойынша жас ғалымдарға да айрықша көңіл бөлінген. Осы мәселе бойынша алдағы уақытта жас ғалымдардың үлесін елу пайызға немесе 17 мың ғалымға дейін ұлғайту көзделген. Сол себепті, жас ғалымдарға қолдау ретінде олардың идеялары мен санаса отырып, әрі қажетінше қаржыландыру мақсатында конкурстар өткізіліп, стипендиялар бөлініп отырады. Бұл бастама басталып кетті. Осы мәселе бойынша биылдың өзінде жиырма алты миллиард көлемінде қаржы бөлініп, төрт жүз елу бір жоба қаржыландырылуда. Соның аясында «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша постдокторанттарға еңбекақы ретінде 500 мың теңге болатын 1000 грант бөлінді. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап, жыл сайын бес жүз ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп отырады.
Ал жастардың өз кәсібін ашуға да арнайы кәсіпкерлік бастамалар қолдауға беріліп келеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті бастайтын жастарға жыл сайын қайтарымсыз он мың грант көлемі аясында бір не екі миллион теңгеге дейін ұлғайтылған. Аталмыш бағдарлама аясында 2025 жылға дейін екі миллион жұмыс орнын ашу көзделген болатын. Осы бағдарлама аясында Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды облыстарында Жас прожект жобасы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен мыңнан аса жастарға өз кәсібін ашуға бір миллион теңге көлемінде грант бөлінді. Бұл жастардың кәсіп ашуына ынталандыру болса, екінші жағынан өзін-өзі жұмыспен қамтуына барынша жағдай жасау болып табылады. Әрі жастардың креативті дамуына да ықпал етеді. Сондай-ақ жастардың өз ісін бастап, кәсіп ашуы экономикамыздың біршама жақсаруына алып келеді.
Тағы бір айта кететін жайт, қоғам мен мемлекет тарапынан енді жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз санаттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Нақты айтқанда, жастарға әлеуметтік көмек көрсету немесе жастардың жұмысқа орналасуына, денсаулығын тексеруде және құқығын қорғауда, бос уақытын тиімді ұйымдастырып, сапалы білім алуында, өмірлік жолын дұрыс таңдай білуі мен қоғамға бейімделіп, жастар саясатында белсенділік таныту мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретінде әлеуметтік қызметтер бұрыннан қалыптасқан болатын. Енді сол жүйені одан әрі дамыту арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл қызметтерге психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсету мен мүгедек жастарға, әскери борышын өтеген жастарға нашақорлықтан, маскүнемдіктен емделуден өткен жас азаматтарды сауықтыру шаралары да назардан тыс қалмады. Сонымен бірге, жастарға арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін, яғни, жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, балалар мен жастарға арналған тұрғын үйлер, кәмелетке толмаған құқықбұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңды көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құру аясында жұмыстар кеңейтілген түрде жүргізіліп келеді.

Бифат ЕЛТАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.