ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

0

Аудан жастарына мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат беру және бітіруші түлектердің болашақта жұмыспен қамтылуына қолдау көрсету мақсатында «Береке» гуманитарлық-техникалық және «Қордай» экономикалық-гуманитарлық колледждерінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесудің ашылуында Қордай ауданы бойынша Мансап орталығының Мониторинг және уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Д.Тынышкул сөз алып, шараның маңыздылығын атап өтті. Ол кездесудің түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылғанын айтып, студенттерді белсенді түрде сұрақтар қоюға шақырды.

Жалпы Мансап орталығының мамандары жастарға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты түсініктеме берді.

Биылғы жылы Мемлекет басшысының Жолдауында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты, жұмысшы мамандықтарда оқып жүрген студенттермен арнайы сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Кездесу соңында қатысушыларға мансап орталығының қолдау тетіктері туралы қосымша ақпарат беріліп, кәсіптік практикадан өту мен жұмыспен қамту жолдары бойынша ұсыныстар айтылды. Шара жастардың болашақ мамандығын таңдауда және еңбек нарығына дайындықты пысықтауда маңызды рөл атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.