ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАЙЫҚ

0

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Ноғайбай ауылшаруашылық колледжінің және №7 Бетқайнар колледжінің студенттерімен «Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрайымы Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен өткен жиынға Қордай аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің инспекторлары  Е.Абдимов және Е.Мамаев,  Қордай аудандық орталық аурухананың нарколог дәрігері С.Жолдасбекова, Ноғайбай және Бетқайнар ауылдық округінің әкімдері қатысты.

Кездесу барысында білімгерлер комиссия төрайымының, құқық қорғау, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алды. Жастармен жүздесу ресмиліктен гөрі, шынайылығы басым, еркін форматта өтті.

Студенттер түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, «Мас көзілдірік» экспериментіне қатысып,  тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салты кабинетінің мамандары нашақорлық, алкоголизм, энергетикалық сусындар және вейптің зияны туралы білімгерлермен тренинг өткізіп, видеоролик көрсетті.

Сәуле Мұхадинқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.