«ЖАСЫЛ САЯБАҚТА» ЖАҢА НЫСАН

0

Еліміздегі маңызды мереке Республика күні қарсаңында, ауданымызда жастар мен ересектердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына ықпалын тигізетін бірқатар нысандар пайдалануға берілуде. Солардың бірі —  Қордай ауылында орналасқан, орталық «Жасыл саябағы» аумағында балаларға арнап жаңа ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Мұнда балалар үшін сырғанақ, әткеншек сияқты ойын жабдықтары мен әртүрлі спорт құрылғылары орнатылған. Ойын алаңқайын орнату жұмыстарын «Береке» жеке кәсіпкерлігі мердігерлік мекемесі атқарып шығып, жоба құны 9 869 642 теңгені құрады.

Қордай ауылының әкімі Әділет Қаспақбаевтың пікірінше, балалар ойын алаңшасының саябақ аумағында орналастыруы, кішкентей бүлдіршіндердің қауіпсіз ортада көңіл көтеруіне, сондай-ақ бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізеді.

Айта кететін жайт, жуық арада осы «Жасыл саябақ» аумағында шағын футбол алаңшасы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.