ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙТІН АКЦИЯ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қордай ауданы әкімінің аудан көлемінде абаттандыру бойынша ауықымды іс-шараларды ұйымдастыру туралы тапсырмасына сәйкес Қордай ауылындағы Жібек жолы, Төле би, Домалақ ана және тағы басқа орталық көшелерінде орналасқан ірі және орта кәсіпкерлік нысандарына ауыл округі тарапынан хабарламалар таратылған болатын.

Хабарламада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығының 105-тармағына сәйкес, Уақытша құрылыстарды қоса алғанда, ғимараттардың (олардағы үй-жайлардың), құрылыстардың меншік иелері болып табылатын, сондай-ақ меншік құқығында жер учаскелерін иеленетін жеке және заңды тұлғалар үй жанындағы және іргелес аумақты жинауды дербес немесе аумақтарды абаттандыруға қатысушыларды тарту арқылы өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығы туралы жеткізілген.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жібек жолы көшесі бойындағы «ГазПромНефть» жанармай құю бекетінің басшылығы берілген хабарламаны назарға алып, өте үлкен жауапкершілікпен қарап, аталған нысан маңайындағы көлік жүретін жолдың және автотұрағының асфальтын жаңалап, қызмет алушы халыққа қолайлы жағдай жасады.

«Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет».

«Біз өз елімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Мейлі ол көше, аула немесе үйлердің кіреберісі болсын, бәріне ұқыпты қарауымыз қажет», — деп Мемлекет басшысы айтқандай, осындай игі бастаманы өзге де кәсіпкерлік нысандарға үлгі ретінде жалғастыруға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.