ЖАУЫНГЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТЕУ

0

Гвардиялық гарнизонның әскери полиция бөлімі майор Бақытжан Әділбаевтың басшылығымен интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні Ауған соғысының ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырды.

Ардагерлер әскери қызметшілермен бірге жергілікті қақтығыстарда қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікті еске алды. Ардагерлер үшін БТР-80 бронетранспортерінде белгіленген маршрут бойынша естелік сапар ұйымдастырылды, онда олар өздерінің естеліктері мен әсерлерімен бөлісе алды. Ардагерлер әскери полиция бөлімінің жеке құрамымен жылы және достық жағдайда кездесті, олар әскери қызметшілерді құттықтап, жауынгерлік тәжірибелері туралы айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.

— Мұндай кездесулер ұрпақтар арасын-дағы байланысты нығайтып қана қоймай, Отан алдындағы борышын адал атқар-ғандардың ерлігін еске салады — деп атап өтті гвардиялық гарнизонның әскери полиция бөлімінің бастығы майор Бақытжан Әділбаев.

Іс-шара соңында әскери полиция өкілдері қонақтарды атаулы күнімен құттықтап құрмет пен алғыс белгісі ретінде естелік сыйлықтар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.