Жауынгерлік дайындық апталығы аяқталды

0

Гвардейск гарнизонында жауынгерлік әзірлік апталығы сәтті қорытындыланды. Бұл күндері әскери бөлімдер шоғырлану аудандарына шығарылып, басқару пункттері дала жағдайында жұмыс істеуге бейімделді. Жеке құрам жауынгерлік әзірліктің барлық бағыты бойынша кешенді тексеруден өтті.

Дайындық барысындағы маңызды бағыттардың бірі – далалық жағдайда басқару пункттерінің жұмысын ұйымдастыру болды. Бұл – нақты жауынгерлік жағдайда байланыс пен үйлестіруді қамтамасыз ететін басты тетік. Сондықтан мұндай жаттығулар әскери бөлімдердің шапшаңдығы мен тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Апталықтың негізгі кезеңі – жеке құрамның кешенді тексерісі болды. Әскери қызметшілер физикалық дайындықпен қатар, психологиялық тұрақтылық, қысым жағдайында шешім қабылдау қабілеті және кәсіби машық бойынша сынақ тапсырды. Бұл – әскерилерге қойылатын талаптың жоғары екенін тағы бір мәрте айқындап, ең күрделі тапсырмаларды орындауға дайын екендіктерін көрсетті.»

Жауынгерлік дайындық апталығының қорытындысы – жеке құрамның жоғары деңгейдегі дайындығы мен бөлімдердің түрлі жағдайларда әрекет етуге қабілетті екенін айғақтайды. Мұндай жетістік – командалық құрам мен әскери бөлімдердің үйлесімді еңбегінің, әрбір сарбаздың Отан алдындағы жауапкершілігінің нәтижесі.

Айта кетейік, осы көктемде Қарулы Күштер қатарына шақырылған мыңдаған жас сарбаздардың қатарында Гвардейск гарнизонына жаңадан келіп қосылған жас жауынгерлер де алғаш рет дабыл бойынша сапқа тұрды.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.