Гвардейск гарнизонының Мәтібұлақ полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы 85395 әскери бөлімінің танк батальоны бақылау атыс жаттығуын орындады.
Құлан ауылынан келген танк батальоны Мәтібұлақ полигонындағы шатырлы лагерге орналастырылды. Онда жеке құрамға барлық жағдайлар жасалып, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Атыс дайындық сабағы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес күндіз және түнде орындалды.
Сабақтың мақсаты әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Ату кезінде экипаж жеке құрамы нысанаға дәл көздеп атуды үйренді. Олар теорияда алған білімдерін іс жүсінде көрсетіп, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді.
Сабақ барысында қауіпсіздік шаралары мен барлық белгіленген санитарлық талаптар сақталды.
«Біз, танк-72 қару-жарағынан 1-ші бақылау ату жаттығуын күндіз және түнде орындадық. Жаттығуды орындау кезінде экипаж жеке құрамы нысанаға көздеуді үйреніп, практикалық тәжірибелерін арттырды. Осындай сабақтардың арқасында алдағы уақытта жауынгерлік даярлық бойынша жақсы жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын», — деді танк батальонының командирі майор Нүркен Ергешов.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов