Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау үшін ағымдағы жылғы 17-19 қыркүйек аралығында “ЖАСӨСПІРІМ” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты -жасөспірімдер жасайтын және оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу, ескерту, құқыққа қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сонымен қатар оларға алкоголдік ішімдік пен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ересектерді анықтау және алдын алу. Түнгі мезгілде заңды тұлғалардың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану.