ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ БОЙЫНША

0

2022 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң мақұлданып, Мемлекет Басшысымен 2022 жылдың 30 желтоқсанында қол қойды.
Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Заң, 3 түрлі – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қарастырады.
Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.
Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:
-банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
-өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
-мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
-банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
-банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.
Сонымен қатар, Заң жобасымен:
-6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
-5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.
Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.
5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.
Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.
Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса, есептен шығаруға жатады. Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:
-заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
-кәсіби бухгалтерлер;
-заң консультанттары;
-аудиторлар.
Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.
Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.
Сауықтыру жоспары қаржы басқарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:
-5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;
-7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
-3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.
Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектер есептен шығарылмайды.
Негізгі заң жобасынан басқа, 5 Кодекс пен 11 Заңдарға өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы қаралды.

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
тел.: 8/72636/42496

Leave A Reply

Your email address will not be published.