Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары

0

Жамбыл бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша 8 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/about/structure/departments/activity/4719/1?lang=ru)  Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдауға жазылу үшін телефон нөмірлері көрсетілген департамент басшысының және басшы орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі жарияланды.

Қолжетімді орындарда орнатылған стендтерде Департаменттің байланыс телефондары мен электрондық мекенжайы көрсетілген Әдеп жөніндегі уәкілдің деректері орналастырылған. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер орнатылды.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жұмысының ашықтық және жариялылық қағидаттарын сақтау мақсатында, азаматтардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының Департамент жүргізетін аудиторлық іс-шараларға қол жеткізу мүмкіндігі негізінде бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сайтында бюджеттік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар нормалары және өзге де заңнамалар үнемі жарияланып отырады.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл жарты жылда бір рет Департамент қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізеді.

Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты адамдармен мемлекеттік аудит объектісіне шыққанға дейін техникалық оқуды тіркеу журналына қол қойғызып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуы туралы нұсқама жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметке кірер алдында кандидаттарға қатысты мәліметтердің болуы бойынша Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына оларды қандай да бір жауапкершілікке (қылмыстық, әкімшілік) тарту туралы сұрау салулар жіберіледі.

Жыл сайын жартыжылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және Департамент қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтің нәтижелері Департаменттің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған белгілі бір шараларды тұрақты, жүйелі негізде қабылдағанын куәландырады.

Ә.Баймағамбетов, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а.

Leave A Reply

Your email address will not be published.