Жемқор. Бүгінгі нарық заманның ең ауыр індеті де,ең ауыр аты да осы сөз шығар.Кім өзін жемқор атанғанын қалайды дейсіз?!Бірақ атын қаламаса да ,осы бір жолмен келетін қандайда бір пайданы шімірікпей қалтасына басатындары бар.Ауруын жасырғанның өлетінін ескерсек,қоғамда бар дертті жоқ деудің қажеті шамалы.Бәрі осы жасырудан басталып отыр.
Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье;Қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және ол тиісті шекке жетпейінше , әрекет жасай береді ,-деген екен.ХVII-XVIII ғасырда жазылған бұл тұжырымның бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігіне қоғамда болып жатқан оқиғалар дәлел бола алады. Тіпті жемқорлық фактілері б.з.д 2,3 мыңжылдықтарда да кездескен.
Өкінішке орай біздің елді де бұл мәселе айналып өткен жоқ .Тәуелсіздік алған бойда , бірден нарықтық кезеңге түсе қалған Қазақстан үшін алдымен экономикасын көтеріп алу керек болды.Барлық күштер тікелей сауда мен халықаралық қатынастарға бағытталды.Бірақ қиын кезеңде ,әлі толық қалыптаса қоймаған мемлекет байлығын қалтасына басқысы келетіндер де күрт көбейді.Жаһандану кезеңіне аяқ басқан Қазақстан ол кезде мемлекеттік қызмет пен қаржы секторын толық сандық жүйеге ауыстырып үлгермеген еді. Сондықтан болар ,ел қазынасын жымқырып шетел асқан қандастарымыз аласапарын кезеңде қаптап кетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы