ЖЕМҚОРЛЫҚ – БІЛІМНІҢ ҚҰНЫН ТҮСІРЕДІ

0

Облыс орталығындағы сервис және технология колледжінде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғани Тубаев, Превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров, сондай-ақ Тараз өңірлік университетінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, «Адалдық алаңы», «Әдеп» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Jastar» департаментінің басшысы, мемлекеттік емес ұйымдарының,»Аманат», ҚХП, «Ақ Жол» «Ауыл» партияларының өкілдері, «Жаңару» РҚБ активтері және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпараттандыру және құқықтық көмек көрсету.
Ғани Тубаев өз сөзінде қазір облыс жастарының алдында жаһандық міндет – сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу ғана емес, олардың пайда болу ықтималдығының алдын алу, оларды тамырымен жою міндеті тұрғанын атап өтті.
Өз кезегінде Дәурен Омаров оқу жылының аяқталуы қарсаңында емтихандар мен сессия кезеңінде бопсалау туралы хабарламалар жиілеп кеткенін мәлімдеді. Сөз сөйлеген спикерлер, сыйлық берушілердің ұстаздарға қаржылай алғыс айтудың қалыптасқан әдетінен бас тартуына шақырды.
«Жеке және заңды тұлғалардың материалдық сыйақы беруі, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның материалдық сыйақы алуы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.», — деді превенция басшысы.
Студенттердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың себептері процесске қатысушылардың сана-сезімінің бұрмалануы және қалаған нәтижелеріне тез және оңай жолмен жетуі болып табылады.
Айта кету керек, қазіргі таңда «Адалдық алаңы» және «Әдеп» жобалық кеңселерінің өкілдері азаматтық қоғамды тарта отырып, дискуссиялық және оқыту алаңдарында ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.