ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША БІРҚАТАР САЛА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0

Қордай ауданында мәдениет және спорт салаларының мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, ауданның белсенді жастарына лекция өткізілді. Іс-шараларға департаменттің Превенция  басқармасы басшысының орынбасары Е.Бақтыхожаев пен бас маман А.Ажибаев қатысты.

Спорт саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Ербол Жұмақадырұлы түрлі салада кездесуі мүмкін жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің және онымен қоғам болып күресудің маңыздылығына тоқталып, спорт саласында білім алатын өскелең ұрпақтың бойында адалдық қасиеттерін қалыптастыру керектігін айтты.

Мәдениет саласымен өткен кездесуде тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізетін сала мамандарына осы бағыттағы жұмыстарды біріге атқаруға шақырды. Сыбайлас жемқорлық жағдайларына жол бермеу әрбір азаматтың парызы екенін айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқанда ғана осы дерттің алдын алуға болатынын жеткізді.

Ал «Қордай» гуманитарлық экономикалық колледжінде белсенді жастармен өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары түсіндіріліп, оған жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.

Өткізілген кездесулерде арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.