Жем-шөп сақтайтын орындарда көбіне адамдардың қи-қоқысты қараусыз қалдырғанынан, балалардың отпен ойнауынан және жем-шөптерді жинайтын орындарды ұстау тәртібін сақтамағандықтан өрт оқиғалары орын алып жатады. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін жем-шөптерді жинайтын жерлерді ұстау тәртібі сақталуы қажет.
Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ және желді ауа райы, ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары қауіпті жағдайды тудыруда.
Дала және жем-шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері: оталдыру жүйесіндегі, агрегаттардың пайдалынылған кернейіндегі ұшқындардан, оларда жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауынан, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуінен.
Өрттің алды-алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз:
Тұрғын үй учаскелерінде шөптерді жинау орны ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орналасуы қажет.
Тыйым салынады:
1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;
2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;
3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта;
4) көшелерде, жолдарда шөп шашақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да ірі жем-шөпті орналастыруға жол берілмейді.
Ірі жем-шөптерді тасымалдау түтін құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.
Құрметті қордайлықтар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.
А.ӘБІШ,
Қордай ауданы ТЖБ-нің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны
ЖЕМ-ШӨП САҚТАУ ТӘРТІБІ
Prev Post