ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ

0

Мемлекет басшысының мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жерді қайтару жөнінде берген тапсырмасы іске асырылуда.

Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 5 наурыздағы «Ауыл халқының мұқтажы үшін жерлерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі облыстық комиссияны құру туралы» №21-ө өкімімен ведомствоаралық кіші тобы құрылды.

Осы мақсатта ауылдық округтің жер пайдаланушыларымен       Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65 бабына сәйкес Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттілікті, жерді игермеу фактісі орын алған жағдайда бақылаушы органмен жерді пайдаланбаған тұлғаға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 338 бабымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау фактісіне ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық,                 орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы, Қазақстан Республикасының Жер және Салық кодекстерінің талаптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе                           Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық салық мөлшерлемелері меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға, сондай-ақ, объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары негізінде есептелген төлемақы сомасы он және жиырма есеге ұлғайтылатындығы жөнінде хабар етеміз.

Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.