Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес Қордай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі «Аудан бойынша сауда-саттықта (аукционда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімін бекіту туралы» №374 қаулысы қабылданған болатын. Аталған қаулы бойынша Қордай ауданы бойынша төмендегі кестеге сәйкес 2022 жылдың 28 қазанда сағат 10:00-де 9 (тоғыз) лот бойынша жер учаскелері аукцион арқылы жеке меншік құқығына сатылатын болады. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес аукцион электронды түрде «gosreestr.kz» порталында жүргізілетін болады. Аукционды жүргізу, оған қатысу ережелерімен және басқа да тиісіті ақпаратпен осы электронды сайтта танысуға болады. Сонымен қатар, осы аукцион бойынша қосымша ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінен 8(72636)2-12-74 телефон арқылы хабарласса болады.