«ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ ДАҒДЫЛАНУ КЕРЕК»

0

Бейсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына жазылған 14 азамат тұрғын үйге газ тарту, азаматтық алу, тұрғын-үй, жер мәселесі сынды сұрақтарды көтерді.

Мәселен, Әлжан ана ауылының тұрғыны С.Елубаев 2012 жылы Өзбекстан Республикасынан көшіп келген. 2019 жылы ақпан айында көші-қон полициясына азаматтық алу үшін құжаттарын тапсырған. 2022 жылы Тараз қаласында өрт болған кезде құжаттары өртеніп кеткен. Құжаттарын қайта жинақтап, азаматтыққа қайта тапсырған. Алайда, бүгінгі күнге дейін құжаттары әлі дайын емес. Ал Сортөбе ауылының тұрғыны С.Чоганбаева ауылдан алған тұрғын үйін рәсімдеуге және газ жүргізуге ықпал етуге көмек сұрай келіпті. Аудан әкімімен жеке жүздесуге келген өзге азаматтардың дені тұрғын үй мәселесін көтерді.

Аудан тұрғындарының өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Бегзат Сейсенқұлұлы айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын түсiндiрдi. Бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне: «Халықтың мәселесін жергілікті жерде түсіндіріп, оны шешуге көмектессеңіздер, халық басқа жақтан жауап іздемейді», — деген аудан әкімі қабылдауда айтылған жайттарды шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.